«Қазгидромет» РМК 2021 жылдың 5 наурызынан бастап тұрақты негізде апта сайынғы гидрологиялық болжам ұсынады.
Жазық аумақтағы өзен алаптарындағы ылғал қорының көлемі:
Қарағанды облысының өзен алаптарында орташа көп жылдық мәннен 8-42%-ға төмен.
Ақмола облысында Есіл, Мойылды (Астана су қоймасына келіп түсетін ағын) және Сілеті (Сілеті су қоймасына келіп түсетін ағын) өзендерінің алаптарында орташа көпжылдық мәндер шегінде. Жабай және Қалқұтан өзендерінің алаптарында орташа көп жылдық мәндерден 26-31%-ға аз. Шағалалы өзенінің алабында (Шағалалы су қоймасына келіп түсетін ағын) орташа көп жылдық мәндерден 54%-ға артық.
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені алабында (Сергеев су қоймасына келіп түсетін ағын) орташа көп жылдық мәндерден 50%-ға артық.
Қостанай облысында Аят (Қаратомар су қоймасына келіп түсетін ағын) және Тоғызақ өзендерінің алаптарында орташа көпжылдық мәндерден 15-34%-ға артық. Тобыл өзенінің алабында (Верхнетобол су қоймасына келіп түсетін ағын) көпжылдық орташа мәндері шегінде. Қараторғай және Торғай өзендерінің алаптарында орташа көп жылдық мәннен 31-36%-ға төмен.
Ақтөбе облысында Ілек өзені алабында (Ақтөбе су қоймасына келіп түсетін ағын) орташа көп жылдық мәннен 39%-ға артық. Облыстың қалған өзен алаптарында орташа көп жылдық мәндерден 11-50%-ға аз.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының өзен бассейндерінде орташа көп жылдық мәндерден 10-44% - ға төмен.
Таулы өзендер алаптарынында қар қоры келесідей:
Шығыс Қазақстан облысының тауларында жауын-шашын мөлшері орташа көп жылдық мәндерден 13%-ға артық, тек Ертіс өзенінің сол жақ жағалауларының алаптарында орташа көп жылдық мәндерден 14-16%-ға төмен.
Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында орташа көп жылдық мәндерден 32-88%-ға төмен.
Алматы облысының тауларында орташа көп жылдық мәндерден 24-41%-ға төмен.
Жоғары температуралық фон мен бір айда қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жоғары еріген қар-жаңбырлы су тасқыны өтуі мүмкін.
Қазіргі уақытта қар жинау үрдісі жалғасуда.
Синоптикалық болжамның мәліметінше, наурыздың бірінші онкүндігінде Түркістан, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстарында күндізгі температура оң болады деп күтілуде. Онкүндіктің соңында ШҚО мен Қарағанды облыстарында күндізгі температураның оң мәндерге дейін жоғарылауы күтіледі.
Онкүндік бойы елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі, бұл қардың еруіне, еріген қар және бүйірлі ағындардың пайда болуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне және мұз кептелістерінің пайда болуына, су деңгейінің өзендердің жайылма аймақтарына шығуына және көтерілуіне әкелуі мүмкін.
«Қазгидромет» РМК өңдеген «NASA» жерсеріктерінің ЖҚЗ суреттеріне сәйкес 2021жылғы 27 ақпан күні бойынша Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 91%-ды құрайды.
Толығырақ ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://www.kazhydromet.kz/ru/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz