Қоғам өкілдері мен қарапайым адамдар Экологиялық кодексті әзірлеуге, сондай-ақ атмосфералық ауаны мониторингілеу бойынша жұмыстарды жақсартуға белсенді қатысты. 17 наурызда тарихи оқиға – «Қазгидромет» РМК мен еліміздің ең белсенді эко-белсенділерінің бірі – Павел Плотицын арасында ынтымақтастық туралы алғашқы Меморандумға қол қойылды. Соңғы жылдары Павел Қазақстанның бірнеше қалаларында өз жабдықтарында атмосфералық ауаны өздігінен өлшейді. Меморандумға сәйкес, Павел Плотицын РМ 2,5 өлшенген бөлшектерінің шоғырлануы туралы халықты ақпараттандыру аймағын кеңейту үшін «Кагидромет» РМК жүйесіне өз датчиктерінен деректерді тұрақты негізде ұсынуға дайын екендігін білдірді. Алдымен 10 датчиктің деректері «Common Sense» қоғамдық қорының қолдауымен интеграцияланады, одан әрі желіні едәуір кеңейту жоспарлануда.
Бұл Меморандум ресми органдар мен экологиялық белсенділер арасындағы нәтижелі қызметке бастау алады, бұл өз кезегінде ауа сапасының проблемаларын шешуде өзара түсіністікке және тығыз ынтымақтастықты дамытуға әкеледі. Барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК «AirKZ» мобильдік қосымшасының жаңартылған нұсқасында және интерактивті картада maps.kazhydromet.kz сілтемесі бойынша көрсетіледі.