Кәсіби мерекеге орай марапаттау

IconЖарияланды 19.03.2021

Кәсіби мереке – Дүниежүзілік метеорологиялық күніне орай, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев «Қазгидромет» РМК қызметкерлерін марапаттады.

Дүниежүзілік метеорологиялық күніне орай және гидрометеорология, экология және табиғи ресурстар саласына сіңірген еңбегі үшін, «Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазгидромет» РМК үздік мамандары марапатталды.

Өз саласының кәсіби маманы, Гидрометорталықтың басшысы – Шмидт Марина Эвальдовна лайықты марапатталды, ол мамандығы бойынша метеоролог, өз жолын 87-ші жылы Целиноград қаласында гидрометболжамның инженер-синоптигі ретінде бастап және өз өмірін сүйікті мамандығына арнаған. Шығарылатын болжамдардың сапасы тек заманауи технологияларға ғана емес, синоптиктердің тәжірибесіне де байланысты және Марина Эвальдовнаның басшылығымен «Қазгидромет» синоптиктері өз жұмыстарын тиісті деңгейде орындайды.

Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Метеорология және гидрология кафедрасының профессорлары мен доценттері Р.Г. Абдрахимов, С.К. Давлетгалиев, Г.К. Турулина, В.С. Чередниченко назардан тыс қалып қоймай, «Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен бірге, «Қазгидромет» РМК Бас директоры Д. Алимбаеваның атынан Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен барлық аймақтар бойынша «Қазгидромет» РМК мамандары марапатталып, және бес метеорологиялық станциялардың: «Ақкөл», «Шымкент», «Тайынша», «Екібастұз» және «Жосалы», ұжымдары лайықты марапаттарға ие болды.

Құрметті әріптестер және достар, Дүниежүзілік метеорологиялық күні мен Наурыз мерекесіне орай, шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан мен шуақты ауа райын тілейміз!

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз