Жаңадария су қоймасындағы балықтардың қырылуына байланысты «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының кешенді зертханасының мамандары 2021 жылғы 19 наурызда «Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-мен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Жаңадария су қоймасындағы 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын алу жүргізілді.
Су сапасына талдау басты иондарды, биогенді, органикалық және бейорганикалық заттарды, ауыр металдарды қоса алғанда, 28 физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді.
Жаңадария су қоймасының суын талдау нәтижелері бойынша судың температурасы 0,5-4,6 ºC шамасында, сутегі көрсеткіші 8,0-9,0, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 9,1-10,2 мг/дм3, ОБТ5 – 0,8-0,9 мг/дм3, мөлдірлігі – 21 см, иісі - 0 балл, табиғи суға тән емес иіс табылған жоқ, суы мөлдір.
Су сапасының нормасынан асу сульфаттар бойынша – 370-420 мг/дм3(1,1-1,2 есе) тіркелді.