Мәскеу аудандарынан антициклонның басып кіруі Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі. Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.