«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалы AirKz мобильдік қосымшасын пайдаланушыларға кернеудің кенет көтерілуіне байланысты атмосфералық ауа сапасын бақылау бекетінде (Сырдария көшесі, 3) күкірт диоксиді және күкіртсутегі заттары бойынша газ талдағыштың техникалық ақауы болғаны туралы хабарлайды. Осыған байланысты мобильдік қосымшада қате деректер көрсетілген.
Қазіргі уақытта ақаулықтарды жою жұмыстары жүргізілуде.