Құрметті AirKZ мобильді қосымшасын және экологиялық ақпараттың интерактивті картасын пайдаланушылар, Қарағанды облысы Саран қаласы бекетіндегі техникалық ақауға (электр энергиясын өшіру, кабельдің үзілуі) байланысты осы бекет бойынша мобильді қосымша мен интерактивті картаның көрсеткіштері уақытша қолжетімсіз болады.
"Қазгидромет" РМК уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Жөндеу жұмыстарын жақын арада аяқтау жоспарлануда.