Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі және бұлтты емес ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.