2021 жылғы 06 сәуір мен 12 сәуір аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:
Қызылорда, Петропавл және Шымкент қалаларда бір де бір ШЖШ – дан ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.
Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 28 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Жанқожа батыр көшесі маңында неғұрлым ластанған.
Атырау қ. шекті жол берілетін нормаларынан асып кетудің 191 жағдайы тіркелді. Атырау қаласы бойынша ШРШ Бигелдинов көшесі, 10 А, Атырау филиалының жанында (№6 п.), Береке шағын ауданы, Береке өндірістік ауданы (№9 п.).
Алматы қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 82 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы № 30 ЛББ –«Шаңырақ» ш-а, №26 мектеп, Жанқожа батыр к-сі., 202.
Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 741 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы №8 бекет (Пришахтинск ш.а.,3 - Кочегарка көш., 28 үй) және №6 бекет (Архитектурная көш., 15/1 үй) аудандарында неғұрлым ластанған.
Нұр-Сұлтан қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 175 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.
Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.
Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.
Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.
Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг: