Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады. 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарға Скандинавия түбегі аудандарынан суық антициклонның келуімен жаңбырдың қарға ұласуы, түнде ауа температурасының 5-12 градусқа дейін төмендеуі, сондай-ақ көктайғақ, төмен бұрқасын күтіледі. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік жартысында күн күркірейді.