Министр М. М. Мырзағалиевтің тапсырмасымен 2021 жылғы 23 сәуірде Қостанай қаласында "Қазгидромет" мамандары фермерлерге арналған арнайы әзірленген "AgroData.KZ" https://agrodata.kz веб-қосымшаларын әкімдік пен жергілікті фермерлік шаруашылық өкілдеріне таныстырды.
Сонымен қатар, облыс бойынша алдағы маусымдық ауа райы болжамымен таныстырып,"Қазгидрометтің" агрометеорологиялық мониторинг саласында жүргізіліп жатқан жұмыстары жөнінде түсіндірді.
Фермерге арналған қосымша нақты уақыт режимінде сала үшін маңызды мәліметтерді, яғни жауын-шашын, топырақтағы ылғал және аймақ бойынша ауа-райы туралы ақпаратты біліп отыруға мүмкіндік береді.
Аграрлық сала өкілдері өсімдік шаруашылығына қатысты шешім қабылдау үшін агрометеорологиялық станциялардан берілетін барлық маңызды ақпаратқа тез қол жеткізеді.
Қазірдің өзінде Қостанай облысының фермерлері қосымшаны сәтті сынақтан өткізе бастады. "Қазгидрометпен" одан әрі ынтымақтастық жүргізуге дайын.