Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 04.05.2021

2021 жылғы  27 сәуір мен 03 мамыр аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:

Қызылорда және Шымкент қалаларда бір де бір ШЖШ – дан ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 15 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Жанқожа батыр, Есет батыр, Рысқұлов көшесі маңында  неғұрлым ластанған.

Петропавл қ. шекті-рұқсат етілген мөлшерден асып кетуі 77 жағдайы тіркелген.

Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің  597 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы №8 бекет (Пришахтинск ш.а.,3-  Кочегарка көш., 28 үй.) аудандарында неғұрлым ластанған.

Нұр-Сұлтан қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 120 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Алматы қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 351 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы  № 6 ЛББ– Жетісу әкімшілігі аумағы, «Құлагер» мөлтекауданы, Жетісу ауданы.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне  мониторинг:

  • Ақтөбе қаласында 6 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Алматы қаласында 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Атырау қаласында 5 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Балқаш қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте  және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Жезқазған қаласында 3 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Қарағанды қаласында 8 бекетте, оның ішінде 4 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Қызылорда қаласында 3 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 1 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Павлодар қаласында 7 бекетте, оның ішінде 5 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Петропавл қаласында 4 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Теміртау қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз