Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Демалыс күндері Қазақстан аумағында мерекелік ауа райы болмайды деп болжануда. Балтық жағалауы аудандарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады. Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлеріне жаңбыр құяды. Ал 9 мамырда еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігіне әлі де жылы ауа массалары әсер ететіндіктен, бұл өңір айтарлықтай салқын болмайды, мәселен, күндіз ауа температурасы 22...30°С дейін жылынады, алайда солтүстік облыстарда ертең, 7 мамырда температура фоны 12...20°С дейін төмендеп, түнде үсік жүруі мүмкін.