Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 11.05.2021

2021 жылғы  4 мамыр айымен 10 мамыр айы аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:

Қызылорда және Шымкент қалаларда бір де бір ШЖШ – дан ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Ақтөбе қ. 2021 жылғы  шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 15 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Рысқұлов көшесі маңында  неғұрлым ластанған.

Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің  497 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы №8 бекет (Пришахтинск ш.а.,3-  Кочегарка көш., 28 үй.) аудандарында неғұрлым ластанған.

Алматы қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 191 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы  № 28 ЛББ – аэрологиялық бекеті (Әуежай ауданы) Ахметов к-сі, 50.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне  мониторинг:

  • Ақтөбе қаласында 6 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Алматы қаласында 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Атырау қаласында 5 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Балқаш қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте  және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Жезқазған қаласында 3 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Қарағанды қаласында 8 бекетте, оның ішінде 4 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Қызылорда қаласында 3 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 1 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Павлодар қаласында 7 бекетте, оның ішінде 5 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Петропавл қаласында 4 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Теміртау қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз