Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады. 20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 жылыға дейін, орталықта 15-20, кей жерлерде 12 жылыға дейін, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 жылыға дейін төмендейді. Республика бойынша жекелеген аудандарда желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.