Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Дүниежүзілік метеорологиялық қызмет (ДМҰ) директорының COVID-19 пандемиясын алдын алу шаралары бүкіл әлем бойынша ауа райы болжамдарының дәлдігіне теріс әсерін тигізетіндігі туралы мәлімдеуі бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК бақылауды үздіксіз жүргізіп жатқанын хабарлайды.
2020 жылғы 16 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді, осыған байланысты барлық әлеуметтік-экономикалық салалардың жұмысы тоқтатылды, алайда «Қазгидромет» РМК бақылау желісінде жұмыс, 328 метеостанция, 352 гидрологиялық бекет, 140 экологиялық бекетте елдегі төтенше жағдайға қарамастан, бақылау жүргізеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында көктемгі су тасқыны және қардың қарқынды еруі, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі және елді мекендерді су басу қаупінің жоғары болуы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, Қазгидромет қызметкерлері тәулік бойы бұрынғы режимде еңбек етеді, енгізілген ТЖ шығарылатын қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарының және гидрологиялық болжамдардың сапасына әсер етпейді.
Бақылау желісінен алынған нақты деректер мен ауа райы болжамдары бекітілген алгоритм бойынша мемлекеттік органдарға, комитеттерге және еліміздің басқа да тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін құрылымдарға жіберіледі, сондай-ақ ақпарат Қазгидромет ресми сайтында және әлеуметтік желі парақшаларында қол жетімді.