Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «Қазгидромет» РМК қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері үшін қоршаған ортаның ластануын бақылау зертханасында Ашық есік күнін өткізді.
Зертхана ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес қоршаған ортаны мониторингілеумен, су, ауа, түптік шөгінділер мен топырақтың сапасын талдаумен және бағалаумен айналысады. ИСО/МЭК МСТ 17025 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» халықаралық стандартына сәйкес келуі үшін аккредиттелген.
«Қазгидромет» РМК зертханаларының қызметкерлері студенттерге зертханалық зерттеулердің қалай жүргізілетінін, жабдықтардың жұмысын көрсетті және атмосфералық ауа мен жерүсті суларының мониторингі туралы айтып берді.