«Қазгидромет» РМК жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және NASA спутниктерінің өңделген суреттері бойынша 2020 жылғы 26 наурыздан 2 сәуір аралығында Қазақстан аумағының қармен қамту алаңы 24%-ға қысқарып, қазір 13%-ды құрайды.
ЖҚЗ суреттерінің деректеріне сәйкес 2020 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша аумақты қармен қамту алаңы келесідей:
- Қостанай облысы – 28%;
- Қарағанды облысы – 10%;
- Ақмола облысы – 66%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 4%;
- Ақтөбе облысы – 3%, және облыстың солтүстік бөлігінде әрі қарай қардың еруі жалғасады, мұздықтарданы тазаруы мен Ақтөбе облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
2020 жылдың 26 наурызы мен 2 сәуірі аралығында топырақтың қату тереңдігі:
- Қарағанды облысының өзен бассейндерінде 10-22 см-ге;
- Ақмола облысының өзен бассейндерінде 5-35 см-ге;
- Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының өзен бассейндерінде 10-22 см-ге;
- Ақтөбе облысының өзен бассейндерінде 7-11 см-ге азайған.
Синоптикалық болжам бойынша алдағы аптаның басында Қазақстанның басым аумағында жаңбыр күтіледі. Кезеңнің ортасынан бастап еліміздің батыс өңірлеріне Салехард аудандарынан терең циклон әсер ете бастайды, ол республиканың аумағы арқылы жылжи отырып, температураның төмендеуіне, жауын-шашынның түсуіне (жаңбырдың қарға ауысуы), республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады.
Қазақстанның жекелеген аудандарында екпінді жел, оңтүстік өңірлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін.