Алдағы қысқы кезеңге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы (2020 жылғы сәуір-қазан))

IconЖарияланды 06.04.2020

Республиканың басым бөлігінде көктем жылы және жауын-шашынды болады деп болжануда.

Сәуір айында ауа температурасы республиканың шығыс бөлігінде нормадан 1°С жоғары, батыс бөлігінде норма шамасында болады деп күтілуде. Мамыр айында, керісінше, ауа температурасы ҚР республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан 1°С жоғары, солтүстік - шығыс бөлігінде норма шамасында, Павлодар облысының шығысында және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан 1°С төмен болады деп болжануда.

Жаздың басталуы Қазақстанның батысы мен шығысында норма шегінде болжанып отыр, қалған аумақта ауа температурасы климаттық нормадан 1°С-қа жоғары күндер басым болады. Маусым айында ҚР солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын және оңтүстік-шығыстың  кей жерлерінде норма шегінде күтіледі, қалған аумақта жауын-шашын мөлшері – нормадан төмен. Жаздың басым бөлігі ыстық әрі жаңбырлы болмайды деп күтіледі, алайда кейбір күндері күн жылуымен қуантады. Осылайша, шілдеде ауа температурасы елдің барлық аумағы бойынша норма шамасындатамызда тек батыста және солтүстік-батыста кей жерлерде температура нормадан 1°С жоғары, қалған аумақта норма шамасында болады деп күтілуде.

2020 жылдың күзі еліміздің басым бөлігінде жылы болады деп болжануда, қыркүйек айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан төмен болады, еліміздің солтүстігінде, батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде норма шегінде болады, қазан айында – ҚР солтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын нормадан жоғары, оңтүстік-шығыс бөлігінде – норма шамасында, республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік-батыс өңірлерінің басым бөлігінде, оңтүстік және солтүстік-батысында кей жерлерде нормадан төмен болады деп болжануда.

 

Ескерту: маусымдық болжам ауа температурасы мен жауын-шашынның климаттық нормадан ауытқуын білдіреді, яғни бір ай нормаға қатысты жылы немесе суық, жаңбырлы немесе құрғақ болады. Маусымдық болжамдардың орташа ақталуы 60-65%-ды құрайды, себебі болжамның қателігі ол әзірленетін мерзіммен бірге өседі. Сондықтан маусымдық болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек, ол кейіннен бір айға, онкүндікке, аптаға арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

Бір аптаға (91%), онкүндікке (86%) болжамдар неғұрлым жоғары ақталушылыққа ие, өйткені көп жауын-шашын немесе қар жауу себебі өмір сүру ұзақтығы 5-7 күн болатын циклондар болып табылады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз