Пресс-релиз

IconЖарияланды 16.06.2021

15 маусымда «Қазгидромет» қызметкерлері мен филиал инженерлері Аққайың ауданының Шағалалы ауылындағы «Солтүстік Қазақстан тәжірибе станциясы» ЖШС өкілдерімен көшпелі кездесу өткізді. Кездесу барысында AgroData веб-қосымшасы таныстырылды, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан тәжірибе станциясы» ЖШС мен «Қазгидромет» РМК арасындағы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.

2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде СҚО-да шаруа (фермер) қожалықтарына қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Жоба шеңберінде нақты және болжамдық ақпарат фермерлік шаруашылықтарға өтеусіз берілді.

Атаулы қызмет көрсету нәтижелері синоптикалық және агрометеорологиялық ақпаратты пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға көмектесетінін көрсетті.

Бұған дейін, 11 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен «Қазгидромет» РМК өкілдерінің, өңір шаруаларының, ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері өкілдерінің қатысуымен AgroData веб-қосымшасының онлайн-таныстырылымы өтті.

Қосымша кез келген мобильді құрылғыдан (смартфон, компьютер, планшет) www.agrodata.kz. сілтемесі бойынша қолжетімді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз