Қазақстанның басым бөлігінде маусым айының ішінде ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес жеткіліксіз ылғалдану болады деп күтілуде.
Ақмола (Жақсы ауд.), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ө.) және Маңғыстау облысында (Қарақия ө.) қатты құрғақшылық күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында экстремалды құрғақшылық болжануда.