Күзгі топырақты ылғалдандыру

Қыстың келуіне дейінгі топырақтағы пайдалы ылғал қорлары

2025 жылғы қазан айында жүргізілген маршруттық зерттеу нәтижесі бойынша, *Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының* басым бөлігінде топырақтағы ылғал қоры қанағаттанарлық және оңтайлы деңгейде. Бұл өңірлердегі ылғал қорларының қалыптасуы қазан айында түскен жауын-шашын және күзгі маусымда буланудың төмендеуімен байланысты.

*Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында* топырақтағы ылғал қоры негізінен жеткіліксіз.

Елдің шығыс бөлігінде топырақтағы ылғал қоры тең емес таралған:

* Алтай аймағында — оңтайлы (жоғары),
* Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы мен Абай облысының Бородулиха ауданында — қанағаттанарлық,
* Абай облысының Үржар ауданы және Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Шемонаиха аудандарында — жеткіліксіз.

Жалпы, елдің солтүстік және шығыс бөлігіндегі ылғал қорының таралуы 2024 жылмен салыстырғанда ұқсас.

Елдің қалған аумақтарында маршруттық зерттеулер қар жамылғысы түспейінше аяқталмайды.