Топырақтың қатуы

2026 жылғы 10 наурыздағы топырақтың қату тереңдігі

2026 жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша еліміздің басым бөлігінде топырақтың қатуы байқалады. Ал Түркістан, Жамбыл облыстарында және Алматы мен Қызылорда облыстарының кей бөліктерінде топырақ жібіген күйде сақталуда.

Топырақтың ең терең қатуы әлі де елдің солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталық өңірлерінде тіркелуде: Павлодар облысында 235 см-ге дейін, Қостанай облысында 224 см-ге дейін, Ақтөбе және Ақмола облыстарында 150 см-ге дейін (2025 жылы – 141 см-ге дейін), Солтүстік Қазақстан облысында 192 см-ге дейін (2025 жылы – 112 см-ге дейін), Қарағанды облысында 146 см-ге дейін (2025 жылы – 136 см).

Өткен жылы 5 наурызда топырақтың ең үлкен қату тереңдігі Қостанай және Павлодар облыстарында тіркеліп, 162–172 см-ге дейін жеткен.

2026 жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы топырақтың қату тереңдігі.