Қостанай қаласының климаттық сипаттамасы

Icon Жарияланды 18.06.2026
Қостанай қаласының климаттық сипаттамасы

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қостанай қаласындағы ауа температурасының фоны көпжылдық бақылаулар кезеңінде төмендегідей өзгерген.

Қаңтар айында абсолюттік минимум – минус 45,8 °C (1940 жыл), абсолюттік максимум – 3,4 °C (2025 жыл).

Ақпан айында абсолюттік минимум – минус 47,8 °C (1951 жыл), абсолюттік максимум – 3,8 °C (2015 жыл).

Наурыз айында абсолюттік минимум – минус 37,3 °C (1939 жыл), абсолюттік максимум – 17,4 °C (2026 жыл).

Сәуір айында абсолюттік минимум – минус 24,0 °C (1957 жыл), абсолюттік максимум – 30,6 °C (1917 жыл).

Мамыр айында абсолюттік минимум – минус 9,5 °C (1931 жыл), абсолюттік максимум – 38,6 °C (1980 жыл).

Маусым айында абсолюттік минимум – минус 2,2 °C (1968 жыл), абсолюттік максимум – 41,0 °C (1988 жыл).

Шілде айында абсолюттік минимум – 2,9 °C (1936 жыл), абсолюттік максимум – 42,5 °C (1929 жыл).

Тамыз айында абсолюттік минимум – минус 0,7 °C (2015 жыл), абсолюттік максимум – 39,9 °C (2004 жыл).

Қыркүйек айында абсолюттік минимум – минус 9,0 °C (2025 жыл), абсолюттік максимум – 37,4 °C (2022 жыл).

Қазан айында абсолюттік минимум – минус 23,0 °C (1976 жыл), абсолюттік максимум – 28,6 °C (2004 жыл).

Қараша айында абсолюттік минимум – минус 37,6 °C (1953 жыл), абсолюттік максимум – 15,0 °C (2023 жыл).

Желтоқсан айында абсолюттік минимум – минус 44,5 °C (1929 жыл), абсолюттік максимум – 6,8 °C (2008 жыл).

«Қазгидромет» мамандары климаттық жүйеге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, температуралық өзгерістер мен басқа да метеорологиялық көрсеткіштерді талдайды. Көпжылдық бақылаулар климаттық үрдістерді қадағалауға, халықты уақтылы ақпараттандыруға және ықтимал климаттық қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз