Жаркент қаласының климаттық сипаттамасы

Icon Жарияланды 25.08.2026
Жаркент қаласының климаттық сипаттамасы

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, көпжылдық бақылау кезеңінде Жаркент қаласындағы температуралық фон төмендегідей өзгерген.

Қаңтар — абсолюттік минимум -40,6 °C (1919 жыл), абсолюттік максимум +13,7 °C (2022 жыл).

Ақпан — абсолюттік минимум -42,3 °C (1951 жыл), абсолюттік максимум +20,0 °C (1963 жыл).

Наурыз — абсолюттік минимум -28,0 °C (1951 жыл), абсолюттік максимум +29,6 °C (1932 жыл).

Сәуір — абсолюттік минимум -9,4 °C (1966 жыл), абсолюттік максимум +35,5 °C (1997 жыл).

Мамыр — абсолюттік минимум -8,7 °C (1931 жыл), абсолюттік максимум +39,6 °C (1917 жыл).

Маусым — абсолюттік минимум +2,1 °C (1980 жыл), абсолюттік максимум +40,9 °C (1923 жыл).

Шілде — абсолюттік минимум +6,1 °C (1952 жыл), абсолюттік максимум +42,1 °C (1983 жыл).

Тамыз — абсолюттік минимум +4,9 °C (1996 жыл), абсолюттік максимум +41,4 °C (1975 жыл).

Қыркүйек — абсолюттік минимум -5,0 °C (1949 жыл), абсолюттік максимум +39,0 °C (1998 жыл).

Қазан — абсолюттік минимум -12,3 °C (1917 жыл), абсолюттік максимум +32,3 °C (1985 жыл).

Қараша — абсолюттік минимум -36,5 °C (1952 жыл), абсолюттік максимум +25,2 °C (2017 жыл).

Желтоқсан — абсолюттік минимум -35,8 °C (1952 жыл), абсолюттік максимум +16,6 °C (1989 жыл).

«Қазгидромет» мамандары климаттық жүйеге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, температураның өзгеруін және басқа да метеорологиялық көрсеткіштерді талдайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз