Соңғы 50 жылда температура қалай өзгерді?

Icon Жарияланды 25.08.2026
Соңғы 50 жылда температура қалай өзгерді?

Қазақстанда соңғы онжылдықтарда ауа температурасының тұрақты жоғарылау үрдісі байқалады. 1976–2025 жылдар аралығында ел аумағындағы орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын шамамен 0,4 °C-қа жоғарылаған.

Жылыну әсіресе көктем мезгілінде айқын байқалады — әр 10 жыл сайын шамамен 0,7 °C-қа. Ал ең қарқынды өсім наурыз айында тіркеледі — онжылдықта шамамен 1,1 °C.

Жаз мезгілінде де температура жоғарылап келеді — орта есеппен әр 10 жыл сайын 0,26 °C-қа.

Өзгерістер әсіресе еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде айқын байқалады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын шамамен 0,59 °C-қа, Атырау облысында — 0,54 °C-қа, ал Маңғыстау және Қызылорда облыстарында шамамен 0,53 °C-қа жоғарылайды.

Бұл ретте тек орташа температура ғана емес, ыстық күндердің саны, аптап ыстық кезеңдерінің ұзақтығы және жылы түндердің саны да артып келеді.

Сондықтан қазіргі кезеңдегі маңызды климаттық үрдістердің бірі — жалпы жылынумен қатар, температуралық экстремалды құбылыстардың күшеюі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз