Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы қаңтар айында Қазақстанда жаңа температуралық максимумдар тіркелді, соның ішінде 51 жыл бойы сақталған рекорд жаңартылды.
Қыс айы ауа райының күрт қарама-қайшылығымен ерекшеленді.
Қаңтардың бірінші онкүндігі бүкіл ел аумағында, сондай-ақ екінші онкүндіктің басы оңтүстікте жоғары температуралық фон аясында өтті. Орта Азия аймақтарынан жылы ауа массаларының жылжуы кезінде бірқатар өңірлерде тарихи максимумдар жаңартылды.
11 қаңтарда Қарағандыда ауа температурасы +5,5 °C-қа жетіп, 2016 жылғы алдыңғы рекордтан 1,5 градусқа жоғары болды. Шымкентте +17,4 °C тіркеліп, 1987 жылғы максимумнан (+17,3 °C) асты. Таразда термометр бағандары +19,3 °C-қа көтеріліп, 1999 жылғы бұрынғы рекордты (+14,2 °C) айтарлықтай басып озды.
12 қаңтарда Ақтауда ауа температурасы +13,4 °C-қа дейін жылынды, бұл 2025 жылғы рекордтық мәннен (+9,7 °C) жоғары. Осы күні Қарағандыда +1,2 °C тіркеліп, 1975 жылғы максимумнан (+1,0 °C) асып түсті. Осылайша 51 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңартылды. Семейде ауа температурасы +1,5 °C болып, 1975 жылғы көрсеткіштен (+1,0 °C) жоғары болды. Өскеменде ауа +4,4 °C-қа дейін жылып, 1987 жылғы рекордтан (+3,4 °C) асты.
13 қаңтарда Түркістанда +16,8 °C тіркеліп, 1986 жылғы максимумнан (+11,3 °C) жоғары болды.
Сонымен қатар елдің солтүстік жартысында Жаңа Жер жағынан суық ауа массаларының келуіне байланысты температура күрт төмендеді. Түнгі уақытта термометр бағандары −30…−38 °C-қа дейін түсті. Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында аяз −40 °C-қа жетті.
Марқакөл метеостанциясында −42,6 °C тіркелді.
Астанада қаңтар айының орташа температурасы −14,3 °C болды, бұл климаттық нормадан (−14,5 °C) сәл жоғары. Айдың ең жоғары температурасы 11 қаңтарда тіркелді — +1,6 °C. Ең суық күн 17 қаңтар болды, бұл күні ауа температурасы −28,3 °C-қа дейін төмендеді.
Ай ішінде 23 мм жауын-шашын түсті, бұл норманың (18 мм) 128 %-ын құрайды.