Шымкент қаласындағы климаттың өзгеруі

Icon Жарияланды 11.03.2026

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, Шымкент қаласында жүргізілген көпжылдық бақылаулар жыл бойы ауа температурасының айтарлықтай құбылмалы болатынын көрсетеді.

Қаңтар — абсолюттік минимум -31.1 °C (1969), абсолюттік максимум 22.2 °C (2002).
Ақпан — абсолюттік минимум -28.9 °C (1951), абсолюттік максимум 25.5 °C (2026).
Наурыз — абсолюттік минимум -23.9 °C (1954), абсолюттік максимум 31.5 °C (2000).
Сәуір — абсолюттік минимум -16.0 °C (1948), абсолюттік максимум 35.6 °C (2025).
Мамыр — абсолюттік минимум -2.8 °C (1989), абсолюттік максимум 38.2 °C (2025).
Маусым — абсолюттік минимум 2.0 °C (1924), абсолюттік максимум 42.6 °C (1988).
Шілде — абсолюттік минимум 7.0 °C (1949), абсолюттік максимум 43.7 °C (2025).
Тамыз — абсолюттік минимум 6.0 °C (1930), абсолюттік максимум 44.0 °C (1944).
Қыркүйек — абсолюттік минимум -1.1 °C (1949), абсолюттік максимум 39.0 °C (1947).
Қазан — абсолюттік минимум -12.0 °C (1976), абсолюттік максимум 35.0 °C (1945).
Қараша — абсолюттік минимум -30.0 °C (1954), абсолюттік максимум 30.5 °C (2009).
Желтоқсан — абсолюттік минимум -31.0 °C (1948), абсолюттік максимум 25.7 °C (2021).

Қазгидромет мамандары климаттық жүйеге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, температура өзгерістерін және басқа да метеорологиялық көрсеткіштерді талдайды. Үздіксіз бақылаулар климаттық үрдістерді дер кезінде анықтауға, халықты сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге және ықтимал климаттық тәуекелдерге дайындықты арттыруға мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз