Қазақстанның су ресурстары

Жыл сайынғы гидрологиялық бюллетеннің осы шығарылымы тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының сегіз су шаруашылығы алабы (бұдан әрі-США) бойынша, сондай-ақ 1930 жылдардың басынан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңдегі негізгі өзен алабтары мен олардың учаскелері бойынша өзендердің өзен ағынының ресурстары туралы негізгі ақпаратты қамтиды. Көктемгі су тасқынының негізгі сипаттамалары, оның ішінде су тасуының басталу және аяқталу мерзімдері, оның ұзақтығы, судың максималды өтімі, ағынның қабаттары мен көлемі, жыл ішінде су объектілерінде болған қауіпті гидрологиялық құбылыстар туралы ақпарат, сондай-ақ антропогендік әсер ету кезеңіндегі негізгі өзендердің жыл ішіндегі ағынның таралу параметрлері туралы деректер келтірілген.

Бастапқы деректер. Бюллетеньді дайындау үшін «Қазгидромет» РМК республикалық гидрометеорологиялық қорының деректері пайдаланылды:

1) 2023 жылға дейінгі барлық бақылау кезеңі бойынша судың орташа жылдық өтімдерінің қатарлары;

2) 2023 жылға дейінгі барлық бақылау кезеңі бойынша көктемгі су тасуы сипаттамаларының қатарлары;

3) Әрбір алаб үшін антропогендік әрекеттің әсер ету кезеңін қамтитын, 2023 жылға дейінгі кезең бойынша жыл ішіндегі ағынды есептеу мен талдауда пайдаланылатын судың орташа айлық өтімдерінің қатарлары.

4) гидрологиялық бекеттерде тіркелген қауіпті мұз құбылыстары (мұз кептелістері мен сең кептелістері) туралы деректер;

5) жыл ішінде тіркелген төтенше және қауіпті гидрологиялық құбылыстар туралы ақпарат.

Жыл сайынғы гидрологиялық бюллетень жер үсті суларын басқару және пайдалану саласында қызмет атқаратын мамандарға арналған: гидрологтар, гидротехниктер, мелиораторлар, экологтар, географтар, сондай-ақ ғылыми және оқу ұйымдары, мемлекеттік басқару органдары және барлық мүдделі тараптар үшін.