Ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді
Ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді
Міндеті:Құрлықтың, атмосфералық ауаның, топырақтың және радиацияның жер үсті суларының ластану жағдайына бақылаулар мен жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асыру. Әдістемелік ұсынымдар мен басшылық құжаттарға қатаң сәйкестікте сынамалар мен талдамалық жұмыстардың барлық түрлерін мінсіз іріктеуді білу. Жедел және режимдік ақпаратты, ең алдымен, өте қиын экологиялық-токсикологиялық жағдайлар туындаған аудандарда қорытындылау. Химиялық реактивтер мен қосалқы материалдардың шығынын есептеу, химиялық ерітінділерді, бастапқы ерітінділерді, ыдыстарды, қондырғылар мен жабдықтарды дайындауға бақылауды жүзеге асыру. Бекітілген аймақта жүргізілетін экспедициялық жұмыстарға қатысу. Жүргізілген талдаулар, сынақтар және зерттеулер бойынша қажетті есептеулерді орындау, алынған нәтижелерді талдау және оларды жүйелеу. Химиялық реактивтерді, олардың ерітінділерін пайдалану ережелерінің және олармен жұмыс істеу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлім бастығының, "Қазгидромет" РМК басшылығының тапсырмасы бойынша тікелей жұмыс учаскесіне байланысты емес жеке тапсырмаларды орындау. Қазгидрометте белгіленген ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.Арнайы талаптар:Жоғарғы білімді инженер-гидролог, еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.
Лауазымдық айлық жалакысы 110 000 тенге ,
Құжаттарды ұсыну орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 32, кабинет № 330, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы, тел: 8 (7272) 67 64 82, 676494.
Құжаттарды қабылдаудың басталу мерзімі «09» ақпан 2021 жыл
Қабылдаудың аяқталу мерзімі «15» ақпан 2021 жыл
Қажетті құжаттар тізімі: «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалындағы бос орынға конкурсқа қатысу үшін:
Функциялар:
Қабылданатын аэросиноптикалық материалдың барлық көлемін талдау және өңдеу.
Дауылды ескертулерді, жалпы қолданыстағы ауа райы болжамдарын жасау ағымдағы күнге және келесі тәулікке мамандандырылған.
АГҚ қаупі анықталған жағдайда дереу дауылды ескерту жасау және оны қызмет көрсету схемасы бойынша беру, АГҚ туралы баяндама жасау.
Шығарылатын күн сайынғы ауа райы бюллетенінің сапасын бақылауды жүзеге асыру.
Болжамдар қызметі жөніндегі нұсқаулардың талаптарына сәйкес әдістемелер бойынша есептеулер жүргізу, олардың негізділігін, ауа райы болжамдарының негізділігін және дауылды ескертулердің тиімділігін бағалау.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес негізсіз болжамдарды талдау.
Филиал басшылығының нұсқауы бойынша басқа жұмыс түрлерін орындауға міндетті.
Біліктілік талаптары: тиісті мамандық бойынша жоғары немесе арнайы білім.
Қызмет жалақысы біліктілікке және жұмыс өтіліне байланысты айына 100 000 теңге.
Өтініш және оған қоса берілген құжаттар Қостанай облысы «Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалы, директордың қабылдау бөлмесі, тел: 8 (7142) 502649, 502151, Қостанай қаласы Дощанов көшесі, 43 мекен-жайы бойынша ұсынылады.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні - 2021 жылғы «04» наурыз.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі - 2021 жылғы «12» наурыз.
«Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
БАЙҚАУДА ҚАТЫСУ ҮШІН, БАРЛЫҚ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ҚАТЫСУШЫЛАР ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ МҮМКІН
Функционалдық міндеттер:
- ауаның ластануын бақылау бекетінен сынаманы алу уақытылы жүргізу (бұдан әрі - ЛББ);
- басқа ұйымдардан түскен өтінімдерге сәйкес және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде келіп түскен сынамаларға сынақ жүргізу, сондай-ақ белгіленген мерзімде қолданыстағы нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес олардың есебін жүргізу;
- жұмыс журналдарын және келіп түскен сынамаларды тіркеу журналдарын уақытылы толтыру;
- сынау үшін пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың жай-күйін бақылау;
- асып кету анықталған сәттен бастап 2-3 сағат ішінде жоғары ластану (ЖЛ) және экстремалды жоғары ластану (ЭЖЛ) туралы мәліметтерді жедел ресімдеу және зертхана бастығына хабарлау;
- мемлекеттік тапсырысқа сәйкес барлық қажетті есептер мен зертханалық бақылауды орындау.
Біліктілік талаптары:
"Химия" мамандығы бойынша жоғары білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Лауазымдық еңбекақысы біліктілігі мен жұмыс өтіліне байланысты айына 62 000 теңгеден бастап 80 000 теңгеге дейін құрайды.
Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
2021 жылғы 02 наурызда құжаттарды қабылдаудың басталу күні.
2021 жылғы 09 наурызда құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні.
Өтініш және қоса берілген құжаттар мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Қарағанды қ., Терешкова к-сі, 15 үй, «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы, тел. 8 (7212) 565318.
Функционалдық міндеттері:
ҚР мемлекеттік тізіліміне енгізілген өлшем құралдарына (бұдан әрі - ӨҚ) тексеруді мәлімделген аккредиттеу саласына және тексеру әдістері мен құралдарына белгіленген нормативтік құжаттарға қатаң сәйкес жүргізу, ӨҚ тексеру нәтижелерінің дұрыстығын, объективтілігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету. ӨҚ тексеру нәтижелерін тексеру әдістемесіне және менеджмент жүйесінің құжатталған рәсімдерінің белгіленген талаптарына (бұдан әрі - МЖ) сәйкес ресімдеу және тіркеу. ӨҚ тексеру кестесіне сәйкес тексеру жұмыстарының көлемі мен мерзімдерін уақтылы орындау. Орындалған жұмыстар туралы ақпараттық - техникалық бөлім бастығына есеп беру. Метрологиялық сипаттамалардың сәйкестігінің техникалық жай-күйін жүйелі бақылау, шама бірліктерінің эталондарын және тексеру құралдарын пайдалану жөніндегі талаптар қағидаларын сақтау. Тексеру жұмыстарының есепке алу-тіркеу құжаттамасын МЖ-ға сәйкес жүргізу. Салыстырып тексеру лейблдерін есепке алуға және қолдануға белгіленген тәртіпті сақтау. ӨҚ тексеру нәтижелері бойынша кәсіби бейтараптықты сақтау. Ішкі саясат талаптарын, құжаттамалар мен МЖ рәсімдерін, лауазымдық нұсқаулықтарды, еңбек шарттарын, ақпараттың құпиялылық режимдерін және т.б. сақтау. Өз жұмысында 17025 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" халықаралық стандарттарының талаптарын басшылыққа алу.
Біліктілік талаптары:
Техникалық мамандықтар бойынша жоғары немесе арнайы орташа білімі болуы тиіс. Метрология саласындағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.
Қосымша курстар:
1. t˚ C (10) / 2- типті ӨҚ
2. ылғалдылық ортадағы заттардың концентрациясы (09) / газ талдағыштардың 12 түрі.
3. қысым (04) / 5 -типті ӨҚ және 4 -типті автоматты станциялар.
4. геометриялық шамалар (01) / 3-типті ӨҚ.
5. массасы (02) / 2-типті ӨҚ.
6. қозғалыс параметрлері (06) / 3-типті ӨҚ.
7. Сұйықтық пен газдың шығынын өлшегіш (07) / 2 –типті ӨҚ.
8. физикалық химиялық өлшеу
Лауазымдық жалақысы айына 200 000 теңге.
Қазгидромет» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының бос жұмыс орындарына орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар тізімі:
Өтініш пен тиісті құжаттар Орал қ. Жәңгір хан көшесі 61/1, 2 қабат, кадрлар маманы кабинеті мекен жайына ұсынылады, тел. 522021.
Құжаттар қабылдауды бастау күні: 2021 ж. 2 наурыз.
Құжаттар қабылдауды аяқтау күні: 2021 ж. 9 наурыз
Біз жоғары білікті және талапкер мамандардың резюмелерін қарастыруға әрқашан дайынбыз.
Бос орынға пікір білдірген жағдайда, хабарландыру астына жауап қалдыруыңызды сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша info@meteo.kz е-mail-ге немесе тел.: +7 (7172) 79-83-43 хабарласыңыз.