Халықаралық ынтымақтастық әр түрлі мемлекеттердің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерімен екі жақты және көп жақты Келісімдер, Меморандумдар, Ынтымақтастық бағдарламалары мен Хаттамалар шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің («Қазгидромет» РМК) негізгі бағыттары:
- Халықаралық ұйымдар мен конвенциялар шеңберіндегі ынтымақтастық;
- Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) шеңберіндегі ынтымақтастық;
- Каспий теңізінің Гидрометеорология және ластану мониторингі жөніндегі үйлестіру комитетін (КАСПКОМ) қоса алғанда, Каспий теңізінің мәселелері бойынша ынтымақтастық;
- ТМД елдерінің Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңес шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастық;
- Метеорологиялық спутниктер бойынша Еуропалық агенттікпен ынтымақтастық (EUMETSAT);
- ECMWF, РЭЦЦА, USAID және Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық;
- Басқа халықаралық ұйымдар мен конвенциялардың қызметіне қатысу.
Екіжақты ынтымақтастық жақын және алыс шетелдермен (Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Финляндия, Түркия, Украина және басқа да) үздіксіз қамтамасыз етіледі.
ДМҰ – бұл метеорология саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мамандандырылған үкіметаралық мекемесі және жер атмосферасының, мұхиттар, климаттың жай-күйі мәселелері бойынша БҰҰ-ның беделді көзі. ДМҰ құрамына 193 мүше мемлекет кіреді. Толық ақпарат ресми сайтта https://public.wmo.int/en.
Қазақстан Республикасы ДМҰ конвенциясына: ҚР Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі № 296 қаулысымен қосылды.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының өкілі бола отырып, «Қазгидромет»РМК метеорология, климатология және гидрология саласындағы оның барлық негізгі бағдарламалары мен жобаларына қатысады.
Гидрометеорологиялық деректер Халықаралық деректермен алмасу үшін жаһандық және өңірлік орталықтарға беріледі.
ДМҰ ұйымдастырылатын Аймақтық қауымдастықтардың сессияларында (ҚР аумақтық тиістілігі бойынша II және VI-ға жатады) және жаһандық конференцияларда, семинарларда «Қазгидромет» өкілдері қатысады және ДМҰ-ға мүше елдермен халықаралық тәжірибе алмасуды кеңейтеді.
ДМҰ жыл сайын техникалық мамандарға қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді оқуға стипендия бөледі.
Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің мүшесі болып табылады
ТМД Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңес (ГМК) 1992 жылғы 8 ақпанда Гидрометеорология саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге сәйкес құрылды. ТМД ГМК гидрометеорологиялық процестерді болжау, олардың қоршаған ортаға әсерін болжау, басқару органдары мен халықты уақтылы хабардар ету және алдын алу, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің экономика және қорғаныс салаларында тиімді пайдалану үшін қажетті гидрометеорологиялық ақпаратты уақтылы алу және пайдалану жөніндегі міндеттерді шешу үшін құрылған. Толық ақпарат ресми сайтта http://cis.minsk.by/.
1994 жылы Каспий маңы мемлекеттерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері: Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан арасында Каспий теңізінің гидрометеорологиясы жөніндегі үйлестіру комитеті (КАСПКОМ) құрылды. Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ҰГМҚ бірлескен қызметінің негізі ДМҰ-ның Ғаламдық байланыс жүйесі арналары бойынша деректермен жедел алмасу болып табылады.
2014 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылып, Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Саммитінде Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, 2016 жылғы 31 қаңтарда күшіне енді.
Ынтымақтастықтың мақсаты ауа райы мен климаттың өзгеруіне байланысты Каспий теңізінің акваториясы мен жағалауындағы теңізде жүзу қауіпсіздігін және басқа да қызмет түрлерін қамтамасыз ету болып табылады. Толық ақпарат ресми сайтта http://www.caspcom.com/.
«Қазгидромет» РМК 2018 жылғы қарашада EUMETSAT-пен 2019-2021ж. кезеңге арналған Лицензиялық келісімге қол қойды. Осы Келісім аясында EUMETSAT ақысыз негізде «Қазгидромет»-ке жоғары дәлдікті спутниктік суреттерді ұсынады.
Сондай-ақ, Келісім шеңберінде 2019 жылғы 10 -11 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін «Eumetsat ақпараттық күні» атты халықаралық конференциясы өтті.
EUMETSAT – жерсеріктерді іске қосу және соңғы тұтынушыларға ауа райы туралы сандық деректерді ұсыну есебінен еуропалық метеорологиялық спутниктік жүйені құру және пайдалану мақсатын көздейтін, сондай-ақ планетадағы климаттық өзгерістердің жедел мониторингін жүзеге асыратын 1986 жылы құрылған үкіметаралық ұйым. Толық ақпарат ресми сайтта https://www.eumetsat.int/website/home/AboutUs/WhoWeAre/index.html.