Қызылорда облысындағы алғашқы метеорологиялық бақылаулардың қысқаша тарихы
Қызылорда облысында метеорологиялық мониторингтің тарихы 1848 жылы «Қазалы» метеорологиялық станциясының ашылуынан басталады. Бұл қазіргі Қазақстан аумағындағы алғашқы метеорологиялық станция.
«Қазалы» метеостанциясы Түркістан әскери округінің әскери топографиялық қоғамының қарамағында болды.
1948 жылы станцияның жүз жылдығына орай, жақсы және жемісті жұмысы үшін станция И.В. Сталиннің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ал 2005 жылы станция қызметкерлері жерге жақын желі үшін жоғары сапалы бақылау жүргізуде олардың еңбегін мойындау белгісі ретінде Швейцария, Женева ДМҰ мақтау грамотасымен марапатталды.
1884 жылы «Арал теңізі» метеорологиялық станциясы ашылды. «Арал теңізі» метеорологиялық реперлік станциясының көп жылдық тарихы бар. Бақылау пункті ретінде ашылған станция 1950 жылдың ортасынан 1998 жылға дейін кеңейе бастады, Гидрометобсерватория құрылды.
Сондай-ақ «Отто Шмидт» кемесінде Арал теңізі деңгейіне гидрологиялық бақылау жүргізілді, аэрологиялық станция да жұмыс істеді, бақылаудың барлық түрлері жүргізілді, ғылыми ұйымдармен бірге қызмет істеді.
Қазіргі уақытта негізгілерден басқа, актинометриялық бақылау және озонды бақылау жүргізілуде.
1918 жылы «Жосалы» метеорологиялық станциясы ашылды.
1941 ж.-«Ширик-Рабат» қатынасы қиын метеорологиялық станциясы.
1950 ж. - Қызылорда қаласындағы метеорологиялық станция.
2011 ж. - Қызылорда аэрологиялық станциясы ашылды.