Қазгидромет маусым айына құрғақшылық болжамын шығарды
Вегетациялық кезеңнің басында мол жауын-шашын негізінен солтүстік аймақтарда атмосфералық ылғалдану жағдайын жақсартты, бірақ елдің солтүстік-батысының, оңтүстік-батысының, оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және орталығының жеке аудандарында құрғақ жағдайлары әлі де сақталады.
Алдын ала есептеулер бойынша 2025 жылғы маусымда бірқалыпты құрғақшылық жағдайлары күтіледі:
Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында;
Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында;
Алматы облысының Балқаш ауданында;
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
Түркістан облысының Созақ Қазығұрт, Төлеби, Шардара және Жетісу аудандарында.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық болады деп күтілуде.