Гидрология туралы

         

Гидрологиялық қызмет «Қазгидромет» РМК негізгі өндірістік бөлімшелерінің бірі болып табылады, оның міндеттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, халқын және экономика салаларын елдің су объектілері туралы режимдік, жедел және болжамдық гидрологиялық ақпаратпен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету болып табылады.

Гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекеттерде жүргізіледі:

1. 329 өзен бекеттері;

2. 38 көл бекеттері;

3. 10 теңіз станциялары мен бекеттер.

Күнделікті 2 мезгілде су деңгейіне, су температурасына, ауа температурасына бақылаулар жүргізіледі. Он күн сайын су шығындарын өлшеу жүргізіледі (су тасқыны/су басу кезеңінде жиілетіледі).

Күзгі, қысқы, көктемгі уақытта  мұз жағдайына бақылау жүргізіледі, қыс уақытында мұз қалыңдығы мен мұз бетіндегі қардың биіктігіне бақылау жүргізіледі.

Гидрологиялық қызметке басшылық жасауды директор басқаратын Гидрология департаменті жүзеге асырады.

Гидрология департаментінің құрамына:

- Гидрологиялық мониторинг басқармасы;

- Гидрологиялық болжамдар басқармасы. 

- Мемлекеттік су кадастры және гидрологиялық зерттеулер басқармасы кіреді.

Гидрологиялық мониторинг басқармасы гидрологиялық мониторинг жүргізу мәселелері бойынша облыстық филиалдардың әдістемелік басшылығымен және «Қазгидромет» РМК мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес гидрологиялық желі жұмысының жоспарларын сапалы орындауды қамтамасыз ету бойынша мәселелерді жедел шешумен айналысады.

Гидрологиялық болжамдар басқармасы ҚР су объектілерінің нақты жай-күйіне жедел бағалау жүргізеді, гидрологиялық режимінің әр түрлі элементтерін әзірлейді және болжайды.

Қазіргі уақытта бұл бөлімшемен болжамдардың келесі түрлері шығарылады:

- өзендердің қату және ашылу мерзімдері;

- көктемгі су тасқыны көлемі (алдын ала және негізгі);

- көктемгі су тасқыны кезеңіндегі апталық гидрологиялық болжамдар;

- бір ай, тоқсан, жыл ішіндегі су қоймаға судың келуі;

- вегетациялық кезеңде тау өзендерінің ағуы;

- АГҚ туралы дауылды ескертулер;

- күнделікті гидрологиялық бюллетень.

Мемлекеттік су кадастры және гидрологиялық зерттеулер басқармасы жер үсті сулары  бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Деректерді жинауды, тексеруді, өңдеуді, қорытындылауды және сенімділігін талдауды, ақпаратты жинақтауды, сақтауды және таратуды, өзендер, көлдер, су қоймалары мен теңіздер бассейндері бойынша жер үсті сулары мониторингінің деректер банкін жүргізуді жүзеге асырады. Гидрологиялық талдаулар мен есептеулерді орындайды, тұтынушылар үшін сұраныс бойынша гидрологиялық ақпаратпен өтінім дайындауды, ынтымақтастық бағдарламаларына сәйкес ЭГТРМ СРК үшін және МГИ үшін трансшекаралық бекеттер бойынша алмасу үшін гидрологиялық деректерді дайындауды жүзеге асырады.

МСКжГЗБ анықтамалық-ақпараттық басылымдарды дайындау және шығарылымға дайындау жұмыстарын жүргізеді:

1) «Құрлықтың жер үсті суларының режимі туралы жыл сайынғы деректер» (орташа тәуліктік мониторинг деректері).                         

2) «Құрлықтың жер үсті суларының режимі туралы көп жылдық деректер» (барлық бақылау кезеңіндегі көп жылдық мониторинг деректері).

3) «Су бетінен булану бойынша материалдар» (орташа онкүндік мониторинг деректері).