Сел үдерістерін зерттеу және селді болжау басқармасы

Сел үдерістерін зерттеу және селді болжау басқармасы "Қазгидромет" РМК Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми-өндірістік бөлімшесі болып табылады. Басқарма адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ экономикалық залалды азайту мақсатында мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын және Қазақстан Республикасының халқын жаңбыр генезисті сел қауіптілігі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

 

 

Қызметтің негізгі бағыттары:

Жаңбыр генезисті сел қауіптілігін бақылау.

Қазақстан Республикасының таулы аумақтарына арналған нөсер жаңбырдан пайда болатын селдердің жедел болжамдарын шығару, сондай-ақ нөсер жаңбырдан туындайтын сел қаупі жөніндегі кеңестерді беру.

Әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарын және Қазақстан Республикасының халқын жаңбыр генезисінің сел қаупі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

 

Сел мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу:

-Жаңбыр генезисті селін болжау әдістерін әзірлеу және жетілдіру.

-Мұз араласқан сулық селдерді болжау әдістерін әзірлеу және жетілдіру.

-Сел құбылыстарының табиғатын зерттеу.

-Климаттың өзгеруінің сел белсенділігіне әсерін зерттеу.

-Селдің сипаттамаларын есептеу әдістерін әзірлеу және жетілдіру.

 

Шығарылатын өнім:

Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстары үшін сел қауіптілігі туралы кеңестерді қамтитын жаңбыр генезисті сел қауіптілігі туралы күн сайынғы Бюллетені. Сел қауіптілігі бар аудандарға: Іле, Күнгей, Теріскей, Жетісу, Қырғыз және Талас Алатауы, Өгем жоталары, Маңғыстау, Сауыр, Тарбағатай және Қазақстандық Алтай таулары кіреді (бюллетендерден параққа сілтеме https://www.kazhydromet.kz/ru/selevedenie-str/ezhednevnyy-byulleten-selevoy-opasnosti-dozhdevogo-genezisa).

Нөсер жаңбырдан пайда болатын селдердің қысқа мерзімді және өте қысқа мерзімді болжамдары.

Нөсер жаңбырдан туындайтын селдердің қалыптасу қаупі туралы дауылды ескертулер.

Қазақстан Республикасының таулы аумағы бойынша жаңбыр генезисті сел қауіптілігінің жыл сайынғы бюллетень мониторингісі.

 

Кадрлық әлеует:

Басқарма қызметкерлері сел мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыста көп жылдық тәжірибеге ие. Басқарма құрамында ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар мамандар жұмыс істейді. Зерттеу нәтижелері бойынша басқарма қызметкерлері Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде бірнеше жүздеген ғылыми жұмыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағының сел қауіптілігі картасы және 6 монография жариялады.