Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Метеорологиялық қызмет – Казгидромет РМК-ның негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Қызметтің басты міндеті – метеорологиялық бақылаулар жүргізу. Бақылау деректері нақты уақыт режимінде ауа райы болжамдарын жасауға және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертулер дайындауға, климатты зерттеуге, ауа райына тәуелді экономика салаларының ағымдағы қызметінде пайдалануға, гидрология және агрометеорология мақсаттарына, сондай-ақ метеорология және климатология салаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге қолданылады.
Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторингі келесі бақылау желілерінде жүргізіледі:
351 метеорологиялық станцияда;
225 дәстүрлі метеорологиялық станцияда;
126 автоматты метеорологиялық станцияда;
9 аэрологиялық станцияда.

Метеорологиялық бақылаулар тәулігіне 8 негізгі синхронды мерзімде келесі метеорологиялық сипаттамалар бойынша жүргізіледі: ауа температурасы мен ылғалдылығы, топырақ температурасы (бетінде және әртүрлі тереңдіктерде), атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы мен бағыты, атмосфералық құбылыстар (қауіпті және стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстар), көктайғақ және қырау құбылыстары, жауын-шашын мөлшері мен қарқындылығы, қар жамылғысы (биіктігі, тығыздығы, су қоры), бұлттылық (мөлшері, түрі, биіктігі).
Автоматтандырылған метеостанциялардан алынған деректер ұялы байланыс арналары арқылы Астана қаласындағы орталық ақпарат жинау серверіне түседі.
Барлық метеостанциялар мен автоматтандырылған метеостанциялардан алынған деректер Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өңірлік орталығына – Ташкент қаласына, сондай-ақ ДМҰ-ның жаһандық деректер орталықтарына – Мәскеу және Оффенбах (резервтік орталық) қалаларына жіберіледі.

Актинометриялық бақылаулар 9 метеостанцияда тікелей, шашыранды және жиынтық радиация бойынша тәулігіне 6 рет орташа күн уақытымен жүргізіледі. 27 автоматты метеорологиялық станцияда жиынтық радиацияны өлшейтін датчиктер орнатылған.
Аэрологиялық деректер 9 аэрологиялық станциядан алынып, барикалық түзілімдердің (циклондар, антициклондар) болжамдық модельдерін құруға, қауіпті және стихиялық ауа райы құбылыстарын болжауға, сондай-ақ атмосфераның 30 км және одан жоғары биіктіктердегі жағдайын бақылауға пайдаланылады. Аэрологиялық бақылаулар тәулігіне 2 рет жүргізіледі.
Метеорологиялық мониторингке жалпы басшылықты департамент директоры басқаратын Метеорология департаменті жүзеге асырады.
Департамент құрамына 3 басқарма кіреді:
Метеорологиялық мониторинг басқармасы;
Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету, жоспарлау және есептілік басқармасы;
Климатология басқармасы.
Метеорологиялық мониторинг басқармасы метеорологиялық, актинометриялық және аэрологиялық желілерге әдістемелік басшылық жасайды, ақпаратты жинау, өңдеу және талдауды жүзеге асырады, бақылау әдістемелерінің бірлігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ метеорологиялық желіде қолданылатын құралдардың жай-күйін бақылайды.

Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету, жоспарлау және есептілік басқармасы бақылау желісін қатты отынмен уақтылы қамтамасыз етуді бақылайды, метеорологиялық бақылаулар жоспарларын қалыптастырады және келіседі, сондай-ақ Казгидромет РМК-ның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес есептерді қалыптастырады.
Климатология басқармасы климаттық деректерді басқаруды (жинау, талдау және метеорологиялық бақылаулар деректер базасын қалыптастыру) жүзеге асырады, Қазақстан климаты бойынша анықтамалықтар әзірлейді және шығарады, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен халыққа сұраныс бойынша ұсыну үшін климаттық және метеорологиялық ақпаратты өңдейді.