Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Шілденің бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының күздік бидай егілетін аудандарында дәннің толысуына және толық пісуіне көбінесе жақсы метеорологиялық жағдайлар болған, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жауған жауын-шашын егін жинау жұмыстарының жүргізілуін біршама тежеген. Күздік бидайда «сүттік пісу» - «толық пісу» кезеңдері байқалды, барлық жерде егін жинау жұмыстары басталды.
Онкүндікте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынды ыстық ауа райы байқалды, жауын-шашынның нормадан жоғары түсуіне байланысты ылғалданудың жақсы жағдайлары, жауын-шашын нормадан төмен болған Қостанай облысынан басқа дәнді дақылдар егілетін аймақтарда байқалды. Арамшөптерді гербицидтермен емдеу жалғасуда. Оңтүстік облыстарда жалпы метеорологиялық жағдайлар астықтың толық пісіп-жетілуіне және егін жинау жұмыстарының басталуына қолайлы болды.
Солтүстік облыстардың бақылау учаскелерінде жаздық бидайдың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, даму кезеңі «сабақтану» – «масақтану», жеке учаскелерде – «гүлдену». Бидайдың биіктігі 22-62 см жетеді, кеш егілген егістерде 20 см дейін, сабақтарының орташа саны 1 шаршы метрде 150-ден 648 данаға дейін, масақтары 136-дан 624 данаға дейін, бидай масағындағы масақтардың саны 7-17 дананы құрайды, оның ішінде дамымағаны 4 данаға дейін.
2021 жылғы шілде айының 1-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.