Естеріңізге салсақ, Хельсинки университетінің "MegaSense" (ақпараттандырылған шешім қабылдау үшін ауа мониторингінің озық технологиялары) жобасы шеңберінде келісімге қол қойылды. Және де, "Қазгидромет" РМК НАРХОЗ университетімен ауа сапасының мониторингі, білім мен тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Оған сәйкес Алматы қаласы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының посттары мен әкімшілік ғимараттарында 17 портативті сенсорлық датчиктер орнатылды.
Осылайша "Қазгидромет" РМК нақты уақыт режимінде деректерге толық қол жеткізуде.
Жоба ыстық нүктелерде және ғимарат ішінде ауаның ластануының әсері туралы деректер арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде болашақта ауа ластану әсерін алдын алу үшін шаралар қабылдауға көмектеседі.