Бүгін "Қазгидромет" РМК ғимаратында "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобалық кеңсесінің "Адалдық алаңы - Қазгидромет" алаңының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР ЭГТРМ аппаратының басшысы – Шавкат Өтемісов, "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобалық кеңсесінің басшысы – Айгүл Соловьева, "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобалық кеңсесінің әкімшісі - Асқар Рахматуллин және БАҚ өкілдері қатысты.
ҚР ЭГТРМ аппарат басшысы Шавкат Өтемісов жаңа алаңды аша отырып, "Адалдық алаңы" фронт-офисінің көмегімен министрлік кабинет жүйесінен open space форматына көшудің тиімді тетігін әзірлеуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл формат ақпаратқа қол жеткізуді айтарлықтай жеңілдетуді және ашық пікір алмасуды қамтиды. Бұл бізге маңызды мәселелерді шешу бойынша шешімдерді тезірек және сапалы пысықтауға мүмкіндік береді.
Айгүл Соловьева Қазгидромет елдегі ауа-райы болжамы, дауылды ескертулер, құрғақшылық немесе атмосфералық ауаның ластануы туралы ақпаратқа күмән келтірмейтін жалғыз сертификатталған орган екенін атап өтті.
Асқар Рахматуллин Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бағалауы бойынша, "Қазгидромет" РМК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сапасы бойынша Қазақстан Республикасының экология, табиғи ресурстар геологиясы Министрлігінде үздік деп танылғанын атап өтті, сондай-ақ өз кезегінде жемісті ынтымақтастыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер бөлігінде халықтан кері байланыс орнатуға және осындай жағдайлардың алдын алуға үміт білдірді.
"Қазгидромет" РМК бас директоры Данара Алимбаева қонақтарға және бұқаралық ақпарат құралдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, оның аясында кәсіпорынды ISO37001-2015 сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің халықаралық стандарты бойынша сертификаттаудан өту жоспарлануда. Сертификатты енгізу Қазгидрометке сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған қызметті неғұрлым тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, енді әрбір азамат қызықтырған мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын енгізе алатынын, бұл ретте алаң тікелей жүгінуге немесе Қазгидрометтің әлеуметтік желілерінің тікелей эфирлеріне қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.