Қазгидромет, Рахимова Әсия Мұхсинқызын құрметті демалысқа шығарып салады

IconЖарияланды 04.08.2021

Рахимова Әсия Мұхсинқызы – 42 жыл құнды тәжірибесі бар, үлгілі қызметкерлеріміздің бірі. Ол өз білім сапарын 1986 жылы Ташкент гидрометеорологиялық техникумынан бастап, реті түскенде 2005 жылы Ресей гидрометеорологиялық университетінде оқуын жалғастырған еді.

Әсия Мұхсинқызының еңбек жолы 1980 жылы Целиноград қаласынан, техник-агрометеоролог лауазымынан бастау алды. 1986-1987 жылдар аралығында Әсия, Тәжікстанның Нурек қаласында гидролог, ал 1987 жылдың сәуірінен Целиноград Гидрометорталығында техник гидролог қызметін атқарды. Сондай-ақ, құрметті демалысқа шыққанға дейін жетекші синоптик инженер ретінде жемісті жұмыс істеп келді.

Әсия Мухсинқызы өз ісіне ұқыпты, әрі жауапты маман. Гидрометорталықта жұмыс істеген жылдары оның басшылығымен, болашақ синоптиктердің бірнеше ұрпағы тағылымдамадан өтті. Оған қоса айта кетерлігі, Әсияның барлық тәлімгерлері, қазірде Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің 15 аймақтық филиалдарында еңбек етуде.

Уақыт зымырап өтіп, бүгінде құрметті зейнетке шығу құттықтауларын қабылдау сәті туды. Біз бағалы жұмыскерімізді, шын жүректен құттықтаймыз!  Ендігі сол еңбектің зейнетін көріңіз. Демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа толғай – жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз