Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
06.08.2021 жылы сағат 17:20-да Арыс станциясының платформасында сары фосфоры бар жүктің жануына байланысты, «Қазгидромет» РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының мониторинг зертханасы, жоспардан тыс іріктеу және атмосфералық ауа сынамаларын анализдеу үшін Арыс қаласына барды.
Өрт шыққан Наурыз шағын ауданы қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде, шет жағында орналасқан. Қала тұрғындарының саны 1700 адамды құрайды. Ластаушы заттардың шоғырлануы келесі химиялық қосылыстар бойынша өлшенді: қалқыма заттар, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, күкіртті сутек, формальдегид және аммиак. Өлшеу 6 нүктеде жүргізілді. Олар:
№1 нүкте: Қазыбек би көшесі, Орталық алаң (т/ж вокзалы ауданында).
№ 2 нүкте: Өркендеу к-сі, Наурыз ш/а, іріктеу уақыты 14:15.
№ 3 нүкте: Қаланың солтүстік бөлігі.
№ 4 нүкте: Е.Молдабаев атындағы орта мектеп., Мадалиев к-сі.
№ 5 нүкте: орталық аудандық аурухананың жаны, Жұмабаев к-сі.
№ 6 нүкте: аудан әкімдігінің жаны, Еркобек к-сі.
Өлшеу нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету анықталған жоқ. Радиациялық фонның деңгейі норма шегінде.
Анықтама:
Сары фосфор – өте улы (ауадағы ШРК 0,0005 мг/м3), спецификалық сарымсақ иісті зат. Суда ерімейді, ауада тез тотығады және фосфор оксидінің ақ түтінін түзіп, өздігінен жанады.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында, өрттің себебі болуы мүмкін нұсқасы айтылды: "алдын-ала нұсқа бойынша жүк жөнелтуші тиеудің техникалық шарттарын бұзған. АҚ «ҚТЖ» «ҰК»-да оқиғаның себептерін тексеру бойынша комиссия құрылды" (https://ru.sputnik.kz/incidents/20210806/17798942/Zheltyy-fosfor-gorit-v-Arysi-v-KTZh-nazvali-predvaritelnuyu-prichinu-pozhara.html).