2021 жылдың шілде айынының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 07.08.2021

Онкүндік бойы Қазақстанның барлық аймақтарында ыстық, жауын-шашынды ауа-райы орын алған, нормадан жоғары жауын-шашынның жаууына байланысты батыстағы облыстарда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жақсы ылғалдану жағдайы байқалған. Егістіктерді арамшөптерге қарсы гербицидтермен және дәнді дақылдарды зиянкестермен мен ауруларға қарсы улы химикаттармен өңдеу жалғасуда. Оңтүстік облыстарда метеорологиялық жағдайлар күздік және жаздық дәнді дақылдар дәндерінің толық пісіп-жетілуіне және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қолайлы болды.

Бақылау учаскелерінде жаздық бидай егістіктері «гүлдену» және «дәннің сүттенуі», жеке учаскелерде «дәннің уыздануы» фазасында. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық, Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы станциясының маңайындағы егістерде нашар. Өсімдіктердің биіктігі 41-79 см жетеді, кеш егістерде 40 см дейін. 1 шаршы метрде  масағы бар сабақтардың орташа саны 153-тен 480 данаға дейін, кейбір жерлерде 94 дана болды, бидай масағындағы масақтардың саны 10-27 дана, оның ішінде дамымағаны 6 данаға дейін. Жеке учаскелерде бидай масағындағы дәндердің орташа саны 10-33 дана болды, оның ішінде 20%-ке дейінгісі солып қалған. Тайынша станциясының маңында азот тыңайтқыштарымен қоректендіру және бидай дақылдарын улы химикаттармен өңдеу жалғасуда.

Көктемгі арпаның жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Арпаның биіктігі 34 - тен 79 см-ге дейін жетеді. Даму фазасы «масақтану» -   «дәннің уыздануы», арамшөптер жиі кездеседі. Масағы бар сабақтардың орташа саны 220-дан 407 данаға дейін, арпа масағындағы масақтардың саны 12-ден 23 данаға дейін болды, олардың ішінде дамымағаны 3 данаға дейін. Жеке аудандарда арпа масағындағы дәндердің орташа саны 10-нан 21 данаға дейін жетті.

2021 жылғы шілде айының  3-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз