Қазақстан аумағын атмосфералық ауа мониторингімен 100% қамтуға қол жуткізілді

IconЖарияланды 10.08.2021

2018 жылы экологиялық мониторинг жүйелерін дамыту, алынған деректерге барынша онлайн-қол жеткізу жөніндегі жұмыста елеулі өзгерістер басталды. Солайша «Қазгидромет» РМК-ның барлық экологиялық бекеттерінің саны 45 елді мекенде 140-қа жетті. Бұл бүкіл ел аумағының шамамен 76%-ын қамтыды.

Автоматты станциялар онлайн режимінде тәулік бойы мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретіні, атмосфералық ауаның негізгі ластауыштарының мониторингін қамтамасыз ететіні, атмосфералық ауадағы ластанудың жоғары және экстремалды жоғары деңгейін жедел анықтайтыны белгілі. Ал бұл өз кезегінде ластану жағдайларына шұғыл ден қоюға мүмкіндік береді.

"2020-2024 жылдарға арналған бағыттар бойынша анықталған проблемалық мәселелерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары" шеңберінде "Қазгидромет" РМК өз қаражаты есебінен бақылау жүргізілмеген қала, ауылдарды мониторингпен қамту, ауа сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдау үшін, мемлекеттік органдардың хабардарлығын арттыру мақсатында, 30 жаңа станция сатып алуды қарастырды.

Осылайша, 2021 жылдың 1 тамызынан бастап, Қазақстан аумағында атмосфералық ауа сапасын бақылайтын қосымша 30 автоматты станция және 7 қолмен іріктелетін бекеттер іске қосылды. Олар келесі жерлерде ашылды:

– Алматы облысы – Жаркент қаласы, Талғар кенті;

– Ақтөбе облысы – Хромтау қаласы, Қандыағаш, Шұбаршы кенті, Кеңқияқ;

– Атырау облысы – Атырау қаласы, Жанбай ауылы, Мақат ауылы, Индербор кенті, Ганюшкино;

– Шығыс Қазақстан облысы – Аягөз қ., Шемонаиха қ., Әуезов к. (Бақыршық);

– Қарағанды облысы – Абай қаласы;

– Қостанай облысында – Лисаков, Арқалық, Жітіқара қ.;

– Қызылорда облысында – Арал қ., Шиелі к., Әйтеке би;

– Түркістан облысында – Түркістан қ. (3 бекет), Қызыл-Сай к. (4 бекет), Састөбе.

Сонымен, бүгінде "Қазгидромет" РМК атмосфералық ауа мониторингінің жалпы желісіне 70 елді мекен мен 170 экологиялық бекет кіреді. Ал бұл өз кезегінде, Қазақстан аумағын атмосфералық ауа мониторингімен 100% қамтуға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз