Мәнгілік жүрегімізде – Петрова Валентина Попованы еске алу

IconЖарияланды 11.08.2021

2021 жылғы 7 тамызда 70-ке аяқ басқанда, Қазақстан гидрометеорологиялық қызметінің ардагері, география ғылымдарының кандидаты Попова Валентина Петровна өмірден өтті.

Валентина Петровна 1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "құрлық гидрологиясы" мамандығы бойынша тәмамдаған еді. Содан гидрометқызмет жүйесіне келіп, сонда өмір бойы жұмыс істеді.

Ол жер үсті сулары ресурстарының табиғи және антропогендік өзгерістерін есептеу, өзендердің сулығының гидрологиялық болжау әдістерін әзірлеу, су ағыны және климаттың антропогендік өзгеруі жағдайында жер үсті суларының ресурстарын бағалау салаларында таптырмас маман болды. Осы тұрғыда айта кетерлігі, 1998 ж. Валентина Петровна "Қазақстан Республикасы шегінде Сырдария өзені салаларының сулығын болжау" тақырыбы бойынша диссертация қорғады. Сонымен қатар, білімді әрі жаңашылдыққа жаны құмар әріптесіміз 35-тен астам ғылыми еңбектер жариялаған болатын. Оның тікелей қатысуымен Бұқтырма, Шүлбі және Қапшағай су қоймаларына су ағынын ұзақ мерзімді болжау әдістері; Қазақстанның өзен ағысының жыл сайынғы ресурстарын бағалау әдістемесі; Вячеслав су қоймасына су ағынын ұзақ мерзімді болжау әдістемесі; Балқаш пен Алакөл және Сасықкөл өзендерінің бассейндеріне қатысты су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасы әзірленген.

Оған қоса, Валентина Петровна "Мемлекеттік су кадастрын жасау"; "Климаттың өзгеруінің су ресурстарына әсерін зерттеу" және басқа маңызды тақырыптар бойынша жауапты орындаушы міндетін атқарған болатын. Сондай-ақ, Қазақстандағы климаттың өзгеруі жөніндегі 2 Ұлттық хабарламаны дайындау, су ресурстарын ықпалдастыра басқару мәселелері бойынша сарапшы болған. Ал 2005 жылдан 2011 жылға дейін трансшекаралық өзендерді қорғау және пайдалану жөніндегі қазақстан-қытай Бірлескен комиссиясы сарапшыларының жұмыс тобына кірген.

…"Қазгидромет" РМК ұжымы Валентина Петровна Попованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Жігерлі де, көңілді қызметкеріміз  туралы жарқын естелік, біздің жүрегімізде мәңгілікке қалады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз