"Қазгидромет" РМК ай сайынғы Климаттық экспресс бюллетеньдер шығаруды жүзеге асырады. Онда Қазақстан аумағы бойынша ауаның орташа айлық температурасының және атмосфералық жауын-шашынның айлық мөлшерінің ауытқуларын бағалау келтірілген.
Бюллетеньді дайындау үшін "Қазгидромет" РМК метеорологиялық мониторинг желісіндегі бақылау деректері: 1941 жылдан бергі кезеңде ауаның орташа айлық температурасының және жауын-шашынның айлық сомасының қатары пайдаланылады.
Шілде айындағы температура бойынша Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының оң аномалиясы байқалды. Ең маңызды оң аномалия (3,4 °С) Алматы БГМС-да байқалды. Шығыс Қазақстан облысындағы Ақсуат (24,7 °С), Алматы облысындағы Ауыл-4 (27,7 °С) және Жамбыл облысындағы Ойық (29,2 °С) метеостанцияларында орташа айлық ауа температурасының ең жоғары рекордтары орнатылды. Олардың бұрынғы рекордтары (24,2 °С, 27,6 °С, 28,8 °С) тиісінше 1974, 2005 және 2015 жылдары байқалды.
Шілде айындағы жауын-шашын бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынның айтарлықтай тапшылығы байқалды – батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста және солтүстік өңірлерде жауын-шашын мөлшері норманың 40%-ынан кем, оңтүстік өңірлерде — нормадан 20%-ға кем екені, не жауын-шашын мүлде бір ай бойы байқалмағаны анықталды. Қазақстанның кейбір оңтүстік-батыс, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде және басқа да жекелеген аудандарында жауын-шашын нормадан 120%-дан астам түскен. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте, жауын-шашын мөлшері нормадан 160 және тіпті 200% құрады. Сондықтан шілде айының шарттары ылғалды және өте ылғалды болып сипатталады. Ақтау мен Ақтөбеде жауын-шашынның рекордтық мөлшері (52 және 150,4 мм) түсті, олардың бұрынғы рекордтары (45,5 және 136,9 мм) 1995 және 1941 жылдары байқалды.
Бюллетеньді сілтеме арқылы жүктеп алуға болады https://kazhydromet.kz/ru/klimat/ekspress-monitoring