«Қазгидромет» РМК жағдайға байланысты: ауа температурасы, топырақ бетінің температурасы, бұлттылық, көрінудің метеорологиялық қашықтығы, желдің жылдамдығы, жауын-шашын, қолайсыз құбылыстар, қар жамылғысы, көктайғақ-аяз шөгінділері көрсетілген режимдік-анықтамалық ақпаратты ақылы ұсынады. Бұл құжат ауа райының қолайсыздығымен байланысты қандай да бір жағдайлар расталған жағдайда сұратылады. Мысалы, ЖКО кезінде сақтандыру компаниялары үшін көліктің бүлінуіне әкеп соққан немесе жолдағы соқтығысуға себеп болған көктайғақ, нашар көріну немесе қатты жауын-шашынның болуы туралы.
Мектепте сабақтарды тоқтату, ТЖ режимін енгізу, тас жолдарды жабу немесе ашу «Қазгидромет» РМК құзыретіне кірмейді. Біздің қызмет тәулік бойы мониторинг жүргізеді, яғни әр түрлі орталарда, атап айтқанда ауада, суда және топырақта табиғат тәртібін бақылайды, талдайды, болжайды және ескертеді.
«Қазгидромет» РМК қауіпті құбылыстар туындаған жағдайда, арнайы қызметтермен өзара іс-қимыл жасаудың бекітілген алгоритмі негізінде дауылды ескертулерді таратады. Олардың негізінде, сондай-ақ басқа да бақылаулармен бірге арнайы қызметтер мен ведомстволар ТЖ енгізуге трассаларды жабу туралы шешім қабылдайды.