2021 жылдың тамыз айынының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 16.08.2021

Онкүндік бойы Қазақстанның барлық аймақтарында ыстық, жауын-шашынды ауа-райы орын алған, нормадан жоғары жауын-шашынның жаууына байланысты Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жақсы ылғалдану жағдайы байқалды. Оңтүстік облыстарда жалпы метеорологиялық жағдайлар астықтың толық пісіп-жетілуіне және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарында күздік бидайды жинауды аяқтау үшін қолайлы болды.

Солтүстік облыстардағы бақылау учаскелерде жаздық бидай егістіктерінде «дәннің сүттену» және «балауыздана пісу» фазасы, жекелеген учаскелерде «толық пісу» байқалды. Өсімдіктердің жағдайы негізінен жақсы және қанағаттанарлық, Денисов ауданы Аршалы станциясының маңындағы дақылдар нашар. Өсімдіктердің биіктігі 42-88 см-ге жетеді, кеш егілген дақылдарда 40 см-ге дейін. 1 шаршы метрде  масағы бар сабақтардың орташа саны 92-ден 488 данаға дейін, бидай масағындағы масақшалрдың саны 9-23 дана, оның ішінде дамымағаны 4 данаға дейін. Бидай масағындағы дәндердің орташа саны 9-34 дана, оның ішінде солып қалғаны 20% - ға дейін, кейбір учаскелерде 40% - ға дейін.

2021 жылғы тамыз айының  1-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз