Бірыңғай радиолокациялық желі құру мақсатында

IconЖарияланды 18.08.2021

2021 жылдың 17 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында "Қазгидромет" РМК мен Ресей Федерациясының "ҮЕҰ "Алмаз" ЖАК делегациясының арасында кездесу өтті. 

Кездесуде қонақтар "Қазгидромет" РМК-ны, ЕЭО елдерінің радиолокациялық деректерінің бірыңғай ақпараттық алаңын құру бойынша — "REANET жобасымен" таныстырды. 

"REANET жобасының" мақсаты — ықтимал залалды барынша болдырмау және азайту үшін, климаттың жай-күйі мен өзгеруі туралы ақпаратқа нақты уақыт режимінде қол жеткізу, қауіпті метеорологиялық құбылыстар (бұршақ, найзағай, нөсер жауын, су тасқыны, сел, көшкін, құрғақшылық, орман өрттері) туралы ерте хабарлауды қамтамасыз ету. 

Ақпаратқа қол жеткізу ЕЭО елдерінде бар технологияларды, бағдарламалық өнімдерді және қазіргі заманғы жабдықтарды негізге ала отырып жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта деректер жекелеген елдер бойынша жергілікті түрде ұсынылған. Оған әр мемлекеттің ішінде ғана қол жеткізуге болады. "Алмаз" ҮЕҰ" өкілдері болса, барлық елдерден деректерді бірыңғай алаңға интеграциялау және нақты уақыт режимінде ақпаратқа өзара қол жеткізуді ұйымдастыру мақсатында REANET халықаралық желісін құруды орынды деп санайды. 

"Қазгидромет" РМК "REANET жобасын" жүзеге асыруға мүдделілігін білдірді, сондай-ақ екі тарап барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз