Қазгидромет жөндеу жұмыстарын жүргізіде!

IconЖарияланды 19.08.2021

Бүгіннен бастап, біз сіздерді "Қазгидромет" РМК-ның өңірлік филиалдарында жүргізіліп жатқан жаңарту мен жөндеу жұмыстары туралы жарияланымдар циклін бастайтындығымыз жөнінде хабардар етеміз.

Осы жолғы сөз қозғалы отырған филиал — Алматы облысы бойынша болмақ. Айта кетерлігі, бұл қызмет аймағында  1 жетуге қиын станция, 11 метеостанция, 7 өз бетінше жұмыс істейтін автоматты станция, 1 автоматты агрометеорологиялық бекет, 1 агрометеорологиялық бекет, 29 гидрологиялық бекет, 1 СКАТ және 1 ЛБП жұмыс істейді.

 Аталмыш облыста, 2020 жыл мен 2021 жылдың 1 жартыжылдығының аралығындағы кезеңде, мынадай жұмыстарды толық көлемде орындадық:

 "Басши" және "Ақжар" 2 жаңа АМС-ы орнаттық. Көксу өз. — Мәмбет а., Борохудзир өз. — Көктал-Арасан а., және Теректі өз. — Шатырбай а. жерлерінде 3 гидропост аштық.

Талдықорған қаласынан Достық станциясына АМС; Боран а. (ШҚО) Ақсу ауданындағы Қызылту а. ААП ауыстырдық. Сол пунктке, "Матай" метеорологиялық станциясының мобильді ғимараты мен стандартты жабдығын көшірдік.

"Жаркент" МС, "Үшарал" МС және "Алакөл" МС-рында жөндеу жұмыстарын жүргіздік.

Қаратал өз. — Ақжар а. гидропостының салын қалпына келтірдік.

Жаркент, Қоғалы, Сарқанд МС-ның филиал қызметкерлері, ғимаратты орталық су құбыры желісіне қосып, тұндырғыш орнатты.

Теректі өз. — Шатырбай а., Көксу өз. — Мәмбет а. және Борохудзир өз. — Көктал-Арасан а. жерлерінде гидрологиялық бекетті ашу үшін, қадалар орнатуға арналған алаңдарды бетондадық.

Матай ауылынан, Басши елді мекеніне АМС-ны көшіріп, онда қоршау орнаттық.

Бұларға қоса, әрбір метеостанцияда терезелер, есіктерді жаңарттық, қасбеттерді жөндедік, қоршаулар орнатып, шатыр жабындарын ауыстырдық.

Мінеки, осындай үлкен іс тыңдырдық. Және бұнын барлығы өз күшімізбен, меншікті қаржы есебімізден жасалды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз