БАҚ-та Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Үлкен Алматы өзенінде қызыл судың табылғандығы туралы жарияланған видеоға байланысты, "Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы бойынша филиалының зертхана мамандары, 2021 жылғы 19 тамызда Үлкен Алматы өзенінің Рысқұлов даңғылынан 2 км төмен, жоспардан тыс шығуды жүзеге асырып, су сынамаларын іріктеу жүргізілді.
Айта кетсек, су сапасына талдау, 30 физико-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Оның ішінде басты иондар, биогенді заттар, органикалық және бейорганикалық заттар, ауыр металдар бар.
Солайша, талдау нәтижелері бойынша Үлкен Алматы өзенінде, судың температурасы 15,2 ºC құрап, сутегі көрсеткіші — 8,0, суда ерітілген оттегінің концентрациясы — 9,8 мг/дм3, мөлдірлігі — 27 см (аздап бұлтты), түсі — 7 градус (өте аз), иісі — 0 балл екендігі анықталды. Яғни табиғи суға тән емес иістер, сондай-ақ ешқандай "қызарудың" іздері табылған жоқ.
Қазіргі уақытта ауыр металдарды, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларына физика-химиялық талдау жүргізілуде. Келесі 5 тәулік ішінде оттегінің биохимиялық тұтынуы және сол секілді нәтижелер, қосымша ұсынылатын болады.